31 жылқыны қолды қылды

Кербұлақ ауданында 31 жылқыны жайылып жүрген жерінен айдап алып кеткен күдікті ұсталды.
Көксу ауылының тұрғыны Сарыбұлақ ауылына жақын маңда жайылып жатқан 34 бас жылқыны еншілемекші болған. Алайда, ол тек 31 асыл тұқымды жануарды қолды қылған.
«Жергілікті полицей қызметкерлері Көксу өзенінің бойындағы аспалы көпірдің жанында күдіктіні ұстады. Тексеру барысында ұрының осы уақытқа дейін мал ұрлау дерегі бойынша сотталғаны белгілі болды. 25 жастағы ер адамның өңірдегі осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бары тексерілуде», – деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Жоғалған жылқылардың 30 жастағы иесі Кербұлақ аудандық полициясына жүгінген. Тәртіп сақшылары сол күні малдарды иесіне бірден қайтарды. Өз ісінің маманы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген полицейлерге зардап шегуші үлкен алғысын білдірді.
Ал күдікті уақытша қамау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта мал ұрлау дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*