Жас толағайлармен жүздесті

Жуырда Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов пен оның орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев Қажымұқан атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне барды. Бүгінгі күні ауыр атлетика секциясында 40-тан астам бала бар бар, олардың ең кішісі – 9 жаста.
Болашақ чемпиондарды жуырда өткен спорт күнімен құттықтаған Полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов «Динамо» тәрбиеленушілері Ақмола өңірінің спорттық жетістіктерін лайықты қорғап, жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстан Республикасының халықаралық спорт ареналарында танылуына ықпал ететінін атап өтті.
«Біз «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының даңқты спорттық тарихын және оның дәстүрлерін мақтан тұтамыз. Біздің өңірде танымал чемпиондар мен рекордсмендердің бір тобы тәрбиеленді», – деп атап өтті Берік Сұлтанғазыұлы.
Сондай-ақ, ведомство басшысы «Динамо» спорттық қоғамына Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев үлкен қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Ақмола облысында спортты дамытуға облыс әкімі Ермек Маржықпаев ерекше көңіл бөледі. Жаңа спорт нысандарының құрылысы, әртүрлі үйірмелер мен секциялар ашу, жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен шұғылдануға жастарды тартуға ықпал етеді.
Кездесудің шарықтау шегі марапаттау рәсімі болды. Облыстың бас полицейі еңбегі сіңген жаттықтырушылар мен жас спортшыларға алғыс хаттар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде балалар полицейлерге көрсеткен көңілдері үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстарда Ақмола облысы мен Қазақстан Республикасының намысын қорғаймыз деп сендірді.
Айта кету керек, Ақмола полицейлерінің арасында әлемдік атағы бар спортшылар аз емес. Олар ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Мария Грабовецкая, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анна Нұрмұхаметова, Нұрлан Жамалов, Рахметулла Сатывалдиев, Роза Искаренова, Дәурен Назаров, Нұрсұлтан Кощегулов, Ардақ Мәдимұхаметов және т.б.
Полиция департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларының дене даярлығын жетілдіруге үлкен көңіл бөледі. Бүгінде Полиция департаментінің қарамағында ойын залы, жауынгерлік жекпе-жектермен айналысуға арналған зал, жаттығу залы, ату тирі бар спорт кешені бар. Денешынықтыру сабақтарын өткізуден басқа, спорт кешенінде облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*