Қола медаль – қолда

Павлодарлық полицей Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бұл – полиция капитаны Ернар Қожахметовтың алғашқы халықаралық жарысы.
«ASIA OPEN GRAPPLING» чемпионаты 6 елден 700-ден астам балуанды жинады. Ең қызу және ойын-сауық жекпе-жектері жүлделі орындар үшін татамиде өтті. Өйткені, медаль үшін әр елден келген ең мықты шеберлер күресті.
Ернар үш жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңімпаз болып шықты. Қажырлы күрес нәтижесінде 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
– Мен алғаш рет халықаралық турнирге қатысып отырмын, – деді Ернар. – Әрине, жауапкершілік сезімі, толқу болды. Чемпионатқа әр елден келген кәсіби балуандар жиналды. Жаттықтырушы екеуміз қол жеткізген нәтижеге ризамыз, алған тәжірибе алдағы жарыстарда маған көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Ернар екі жыл бойы Джиу-джитсу және грэпплинг академиясының бас бапкері Заирбек Абылқадыровтың қарамағында жаттығып келе жатқанын, осы уақыт ішінде бірнеше рет жеңімпаз және түрлі турнирлердің жүлдегері атанғанын айта кету керек.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*