Сақшылар сәтті өнер көрсетті

Талдықорған қаласында өткен самбодан Ішкі істер министрлігінің чемпионатында қызылордалық сақшылар да сәтті өнер көрсетті.
Алты салмақ дәрежесі бойынша өткен чемпионатқа Қызылорда облысы Полиция департаменті құрамасы атынан Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев және Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы, полиция майоры Жасұлан Досымов қатысып, бақтарын сынады.
90 келі салмақ дәрежесінде Ержан Абдуллаев 1-орынды иеленсе, 100 келі салмақта Жасұлан Досымов 3-орынды жеңіп алды.
Айта кетерлік жайт, дзюдо және самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев 2015 жылы жекпе-жек сайысынан ІІМ чемпионатында 2-орынды иеленсе, 2017 жылы Америка Құрама Штаттарында Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, дзюдо күресінен 3-орын, грэпплинг күресінен 2-орынды жеңіп алды.
Сол сияқты, 2018 жылы самбодан өткен ел чемпионатында топ жарса, осы жылы Алматы қаласында дзюдодан өткен «Конфедерация кубогінде» командалық 3-орынға қол жеткізген.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*