Үздік төрттікті түйіндеді

Жақында Талдықорған қаласында самбо күресінен өткен Ішкі істер министрлігінің чемпионатында Шымкент қаласы Полиция департаменті командасының 4 қызметкері жүлделі орындарға тұрақтап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды.
Біріншілікке Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық ұлан, еліміздің барлық облыстық полиция департаменттерінен барлығы 17 команда қатысып, күш сынасқан болатын.
Шымкент қаласынан барған команда сапында 57 келі салмақта Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы, самбодан спорт шебері, полиция капитаны Қанат Нұров чемпион атанса, 62 келі салмақта Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы, самбодан спорт шеберлігіне үміткер, полиция лейтенанты Серік Ысқақ 2-орыннан көрінді.
68 келі салмақта Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы, самбодан спорт шеберлігіне үміткер, полиция капитаны Мақұлбек Алтыбеков үздік үштікті түйіндеді.
74 келіде Оқу-жаттығу взводының инспекторы, самбодан спорт шебері, полиция капитаны Нұрболат Майлыбаев финалды ұтылды.
Жүлделі орын алған жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*