Жас инспекторлар – байрақты бәсекеде

Қарағандыда жас жол қозғалысы инспекторларының 19-шы республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараның басты қонағы – «Бала дауысы» байқауының жеңімпазы Ержан Максим.
Республикалық слетке Қазақстанның барлық облыстарымен қоса, Ресейдің Пермь, Қырғызстанның Жалал-Абад және Белоруссияның Гродно қалаларынан командалар қатысуда.
Шараның ашылуы кеншілер қаласындағы мәдени-демалыс саябағында өтті. Қазақстанмен көршілес мемлекеттерден келген командалар сап түзеп, субұрқақ маңынан мәдени-демалыс орталығының жағажайына дейін салтанатты шерумен өтті.
Салтанатты іс-шара ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Әлібек Кеңесбаев пен Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Любарскаяның құттықтауымен ашылды.
Ішкі істер министрлігі басшылығының атынан атынан барша қатысушыларға сәттілік тілеген Әлібек Кеңесбаев шараның маңыздылығына тоқтала келіп, байқауды өткізуге қолдау көрсеткен облыстық Полиция департаменті мен қала билігіне алғысын жеткізіп, білікті де білгір команда жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
Салтанатты шара барысында балалар ансамблі Людмила Мельникованың сөзіне жазылған жол жүру ережесі туралы ән шырқаса, байқау қонақтарына Кеншілер астанасының тарихы туралы көріністер көрсетілді. Республикалық байқауға келген слеттің қатысушылары, сондай-ақ, елімізге танымал әнші Ержан Максиммен қосылып ән айтуға мүмкіндік алды.
Алдағы уақытта слетке қатысушыларды қиын да қызықты сәттер күтіп тұр. Өйткені, олар «Реттеуші», «Саптық байқау», «Жол жүру ережелерін білу», «Агитбригада» сияқты бірнеше турда өзара бақ сынасады. Сонымен қатар, республикалық байқауға балаларды алып келген полиция қызметкерлері «Жол жүру ережесін білу», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Үздік насихаттаушы» байқауларында бақ сынасса, ұстаздар қауымы «Ашық үзіліс» байқауы бойынша сайысқа түседі.
Республикалық слет 25 тамызға дейін жалғасады.

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*