Ала таяқты қайтару ұсынылды

Азаматтардан келіп түскен өтініштерге байланысты және жол қозғалысына қатысушылардың реттеуші-полицейдің әрекеттерін қабылдауын жақсарту, әсіресе, қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ, жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің ала таяқты (жезл) пайдалану тәжірибесіне қайта оралуды ұсынады.
Бұл ретте ала таяқтарды тек жол қозғалысын реттеуді жүзеге асыру үшін пайдалану ұсынылады (мысалы, жол-көлік оқиғалары мен кептелістер кезінде көлік құралдарын бұру үшін, бағдаршамдардың ақаулығы немесе болмауы, ауа райының нашарлауы және автожолдарда нашар көріну және басқа да қажетті жағдайларда), ал көлікті тоқтату үшін ала таяқты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салу қажет деп санайды.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*