Жылыту маусымына дайындық

19 тамызда Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезекті отырысын өткізді.
Отырыс барысында 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық, темір жолдардағы апаттар кезінде тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы, жол картасының «2017-2020 жылдарға арналған су тасқындарының алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешенінің» орындалу барысы, 2019 жылғы 5 тамызда облыс аумағында қатты желдің салдарынан болған жағдайдың барысы қаралды.
Департамент бастығының орынбасары, подполковник А. Ахметжанов өз сөзінде ведомство тарапынан халыққа материалдық көмек көрсету және Орал қаласы мен аудандар әкімдіктеріне резервтік қаржыландыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілгенін атап өтті.
Департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Н. Таубеков 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін коммуналдық кәсіпорындар тарапынан 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша желілер мен жабдықтарды жөндеу жұмыстарының кестесі бекітілгенін баяндады. Бүгінгі күні 30% жөндеу жұмыстары жүргізілді: 38% – 6 қосалқы стансаларда, 38% –120 трансформаторлық қосалқы стансаларда.
Жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Отын қажеттілігі әлеуметтік нысандардың алдағы жылыту маусымына: көмір – 3,4 мың тонна, сұйық отын – 0,4 мың тоннаны құрайды. Жылыту маусымы басталғанға дейін қажетті көлем толық көлемде әкелінеді.
Жылу беру маусымына денсаулық сақтау нысандары 60,6%, білім беру нысандары 45%, мәдениет нысандары 49%, тұрғын үйлер 49% дайын. Жұмыстар 36%-ға орындалды. Жалпы қазандық бойынша жөндеу жұмысы 15% жүргізілді. «Батыс су арнасы» ЖШС 44,2%, «Батыс Қазақстан АЭК» АҚ 30% жөндеу жұмыстарын орындады.
Отырыс соңында комиссия төрағасы ТЖ салдарын жою нәтижелері бойынша апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады. Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-дан 3 адам, «Жайық Таза қала» ЖШС-дан 3 адам, «Батыс Қазақстан АЭК» АҚ-дан 5 адам марапатталды және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарының басшыларын Азаматтық қорғау саласындағы өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*