Түлкібастық сақшылардың тілегі

Түлкібас ауданы ПБ-нің полицейлері дәстүрлі түрде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
2019-2020 оқу жылында көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында басталған акция облыстық полиция бөлімдерінде қарқынды жүргізілуде. Күнделікті қым-қуыт тірліктерін жиыстырып қойып, қайырымдылықпен айналысқан сақшылар аудандағы әр мектептердің аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларына көмектерін аямады.
Жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына қажеттіліктерін дайындап, қамтамасыз етуді, оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде жәрдем беруді мақсат тұтқан акция аясында 10-нан астам оқушыға көмек көрсетілді.
Түркістан облысы бойынша Түлкібас ауданы Полиция бөлімінің сақшылары «Мектепке жол» акциясын полиция бөлімінің мәжіліс залында ұйымдастырды.
Бөлім бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Қанат Түймебаев ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, балалар үшін алынған канцеляриялық заттарды, сөмкелерді табыстады.
Өз кезегінде түлкібастық тәртіп сақшылары барлық оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілей отырып, оқушылардың болашақта еліміздің лайықты азаматы болатынына сенім білдірді.

Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*