Бір күнде – 319 құқық бұзушылық

Көлік полицейлері бір тәулік ішінде 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
19-21 тамыз күндері Көліктегі ПД және оның желілік бөліністерінің қызмет көрсету аумақтарында «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» кең ауқымды акциясы өтті.
Іс-шараны өткізу кезінде еліміздің әуе және темір жол нысандарында бір тәулік ішінде 319 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, Семей стансасындағы көлік полициясы қызметкерлері «Бішкек-Новокузнецк» бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірін тексеру кезінде «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының 41 жастағы азаматын анықтап, ұстады.
Оған қатысты ӘҚБтК-нің 496-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды (Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы). Құқық бұзушыға 126 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ, акция аясында алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 53, темекі шегуге тыйым салуды бұзу бойынша 30, ұсақ құқық бұзушылықтары үшін 10, оның ішінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін 7 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 39, қоғамдық орындарда тиіскені үшін 25, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғын жайлардан тыс жерлерде болғаны үшін 5 адамға шара қолданылды.
Еске сала кетейік, акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, халықтың тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығына әсер ететін ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*