Өтініш шетте қалмайды

16-17 тамызда Атырау облысында «Жолда қабылдау» екі күндік акциясы өтті.
Шара барысында Атырау облысы ПД басшылығы, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметі басшылығы, учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция қызметкерлері, прокуратура, төтенше жағдайлар қызметі және пәтер иелерінің кооператив өкілдері халықтың көп жиналатын орындарында арнайы жабдықталған автобустарда, сонымен қатар, тұрғын үй аулаларында азаматтарды қабылдау жүргізді.
«Аулаларда қабылдау» бойынша 10 мобильдік топ құрылып, олар бекітілген кестеге сәйкес, күніне 5 жерде көпқабатты үйлердің аулаларында азаматтарды қабылдады.
Акция барысында 823 өтініш пен сұрақ келіп түсіп, барлығы қаралып, тиісті жауаптар берілді.
Азаматтардың өтініштері аулаларда жол белгілерін орнату, аулаларды абаттандыру, бейнебақылау камераларын орнату, басқа да әлеуметтік мәселелерге және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұлдарды өтеуге қатысты болды.
Сонымен қатар, акция барысында халықтың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша, ҚР аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден (Армения, Ресей) әкелінген автокөліктерді заңдастыруға қатысты туындап, азаматтардың сауалдарына нақты жауаптар мен кеңестер берілді.

Атырау облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*