Қауіпсіздік ауладан басталады

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету, көшелерде, аулаларда және өзге де қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында «Қауіпсіз аула» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында 814 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Оның ішінде белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін 169, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 54, қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін 245, ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілінсіз жүрген 22 кәмелетке толмаған, қаруды сақтау, алып жүру және қайта тіркеу тәртібін бұзғаны үшін 7, тұрғынжайда тіркеусіз тұрғаны үшін 249 адам жазаға тартылды.
Сондай-ақ, жол ережесін бұзғаны үшін 1044 азаматқа әкімшілік шара қолданылды. Қазақстан Республикасында болу заңнамасын бұзудың 52 фактісі анықталды. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақтарында 15306 пәтер мен үйлерге аралау жүргізді. ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған 2390 адам тексерілсе, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар – 764.
Есепте тұрған адамдар жасаған 5 заң бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, Пробация есебінде тұрған 584 адам тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, олар тарапынан жасалған 12 шектеуді бұзушылық анықталды.

Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*