Сақшылардың қайырымдылық миссиясы

Ақмола полицейлері қайырымдылық миссиясымен Шортанды ауданындағы Дамса ауылының қарттар үйіне барды.
Жуырда ведомство басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов, аудан әкімі Гүлнар Сәдуақасова, ішкі істер органдарының ардагерлері және департаменттің ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері Шортанды ауданына жұмыс сапары аясында қайырымдылық миссиясымен Дамса ауылында орналасқан қарттар үйіне барды. Бүгінде мұнда 46 адам тұрады, олардың әрқайсы әлеуметтік орталық қызметкерлерінің қамқорлығында. Айта кету керек, орталықта зейнеткерлерден басқа қажетті медициналық көмек алатын мүгедектер тұрады.
Үй әкімшілігі делегаттарды әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен таныстырды. Жалпы, полицейлердің келуі орталықтың қонақтары үшін нағыз тосынсый болды. Барлық жеке құрам атынан департамент бастығы Берік Біләлов зейнеткерлерге бағалы сыйлықтар табыс етіп, ведомство алдағы уақытта да орталыққа қажетті көмек пен қолдау көрсететінін атап өтті.
Жұмыс сапары Научный кентінде жалғасып, онда жаңа учаскелік полиция пунктінің тұсаукесері өтті. Учаскелік пункттің үй-жайы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының ғимаратында орналасқан. Қажетті компьютерлік техникамен және байланыс құралдарымен жабдықталған. Елді мекенде орнатылған бейнекамералар учаскелік инспектор Оралбек Тулбасовтың мониторына шығарылды және оған қоғамдық тәртіптің кез келген бұзушылықтарына дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, учаскелік комиссияның жұмысы туралы тұрғындардың пікірін білу осы жерде өткізілген жиын барысында мүмкін болды. Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша халыққа полиция жұмысына деген сенімін арттыру, құқық қорғау органдарының ашықтығы мен қолжетімділігін жоғарылату үшін әрбір учаскелік инспектор өз әкімшілік учаскесінің тұрғындары алдында есеп беруі тиіс, ал Полиция департаментінде азаматтардың дәстүрлі жиыны енді жаңа форматта өтеді.
Іс-шараны ашқан ведомство басшысы Берік Біләлов Научный кентінің тұрғындарына өңір аумағындағы криминогендік жағдай, ішкі істер органдарын жаңғырту аясындағы Полиция департаментінің қызметі туралы айтып берді.
Материалдық-техникалық жарақтандыруға және күнделікті қызметке жаңа технологияларды енгізуге, оның ішінде электрондық сот ісін жүргізуді жетілдіруге, ведомствоның сыртқы қызметтерін бейнетіркеуіштермен, планшеттермен және басқа да қажетті құралдармен жарақтандыруға ерекше назар аударылды. Осы жаңалықтардың барлығы, ведомство басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың, атап айтқанда облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен қала және аудан әкімдерінің қолдауынсыз мүмкін емес.
Одан әрі 2600 адамнан асатын екі елді мекенді қамтитын өзінің әкімшілік учаскесінің тұрғындары алдында полиция аға лейтенанты Оралбек Тулбасов есеп берді. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айта отырып, учаскелік инспектор жергілікті тұрғындардың көмегін ерекше атап өтті. Сонымен, О. Тулбасовтың айтуынша, биыл ауылдық округ әкімінің қолдауымен 14 адамды құрайтын «Сақшы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері көбейген. «Жасақшылар» күнделікті полицейлермен бірге Научный кентінде қоғамдық тәртіпті сақтауға кіріседі, қылмыстарды ашуға көмек көрсетеді. Сондай-ақ, спикердің баяндамасында жасөспірімдер қылмысының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүліктік қылмыстармен күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер айтылды.
Баяндаманы аяқтағаннан кейін, Берік Біләлов учаскелік инспекторға бірқатар тапсырмалар беріп, қызмет көрсетілетін учаскенің тұрғындарымен жұмысты жетілдіруге бағытталған нақты міндеттер жүктеді.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*