Сертификат – сенім үдесі

Ақтөбе қаласына ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы А. Сайтбеков іссапармен келді.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы А. Арыстановтың қатысуымен А. Сайтбеков патрульдік полиция батальоны кешкі ауысымының саптық байқау шарасына қатысты.
Саптық түзеу 2016 жылғы лаңкестік оқиғасы кезінде басынан жарақат алған, әлі күнге дейін қызметтен қол үзбеген қызметкер Нұрғали Қалмағамбетовке құрмет көрсетуден басталды. Кадр департаментінің бастығы ІІМ атынан полицейге атаулы сағатты сыйға берді.
Келесі күні полиция полковнигі А. Сайтбеков қызмет бабында қаза тапқан полицей Айса Картовтың отбасында болды. Учаскелік инспектор Айса Картов 1992 жылы кешкі мерзімде есептік тіркеуде тұрған адамды бақылау барысында оған шабуыл жасалып, мерт болған.
М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2019-2020 жылдарға арналған Ішкі істер органдарын қайта жаңғыртуға арналған Жол картасы аясында ашылған арнайы алғашқы даярлық курсының тыңдаушыларының бірінші түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.
Болашақ тәртіп сақшыларын даярлауда алдымен олардың жеке және кәсіби қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінді. Әсіресе, тұрғындардың өтініштері мен талаптарын ескере отырып, қоғамдық тәртіпті сақтауға баса назар аударылмақ.
ІІМ Кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі А. Сайтбеков бітірушілерге сертификаттар табыс етіп, олардың азаматтардың құқықтары мен тыныштығын сақтаудағы жауапты қызметтерін абыроймен атқаруларына сәттілік тіледі.
Сертификаттар аталмыш оқу орнын бітірген 109 тыңдаушыға берілді.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*