Қасиетті мекередегі қамқорлық

Елімізде Құрбан айт мерекесінің мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға маңызы зор. Жылда бір келетін жарқын мереке – Құрбан айт мерекесі қайырымдылық пен ізгіліктің, қамқорлық пен жанашырлықтың нышанын білдіреді.
Осы күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті мерекеде Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданының ПБ қызметкерлері көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға барып, азық-түлік түрінде көмек көрсетті. Әуелі қызметкерлер тобы Пригородный кентінде тұратын 1972 жылғы Жеңісгүл Ермұқаметтің отбасына барды. Кәмелет жасқа толмаған 7 бала асырап отырған бұл үйдің балаларының барлығы да мектепте оқиды.
Одан соң ынталы топ ВРЗ-3 мекенжайында тұратын Жансұлу Париеваның отбасында болды. Бұл үйде 2007, 2008 және 2010 жылғы үш бала бар.
Ата-аналар тосыннан келген мұндай көмекті күтпесе керек. Есіл ауданы Полиция басқармасының қызметкерлеріне шексіз алғыстарын айтты. Жалпы қайырымдылық жасау еліміздегі ішкі істер органдары үшін, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД үшін де дәстүрге айналған шара.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Нұр-Сұлтан қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*