Бір күнде – 100 сұрақ

Орал қаласында полиция қызметкерлері дәстүрлі «Жолда қабылдау» республикалық акциясын ұйымдастырды.
Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е. Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен өзара байланысты орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында өткен акцияның алғашқы күні облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов азаматтарды өзі қабылдады.
Облысымыздың бас полицейі бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында өңіріміздегі қылмыстық ахуалға, олардың ашылу деңгейіне, белең алып отырған қылмыстардың түрлеріне, мал ұрлығы, жол-көлік қозғалысы жөнінде айта отырып, ұйымдастырылып отырған акцияның мақсаты мен негізгі міндеттерін түсіндіріп өтті.
– Аудан көлеміндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және көші-қон заңнамаларының сақталуы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеу, тіркеуден шығару, құжат ауыстыру және айыппұл төлеу салаларына жиі қойылатын сұрақтар бойынша жауап алғысы келетін азаматтарға біздің қызметіміз қашанда әзір, – деді полиция генерал-майоры М. Аблазимов.
Екі күнге созылған акция барысында қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон, кадр саясаты қызметтерінің басшылары өңір тұрғындарының түрлі сауалдарына толыққанды жауап берді. Арнайы жабдықталған автобустарда тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымданып, полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сондай-ақ, ІІО-ға орналасу туралы ақпарат алды.
Акцияның алғашқы күні 100-ден астам қатысушы сұрақ қойып үлгерді. Шара барысында полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымданған кейбір жүгінушілеріміз өз міндеттері мен құқықтарын толық білмеуінен бұл мәселенің туындағанын түсініп тарасты. Өз басына қатысты ғана сұрақтармен емес, сондай-ақ, көпшілікке ортақ мәселелерді де айтып келіп жатқандар қатары аз болмады. Мысалы, олардың бірі көшелерде орнатылған түсініксіз жол белгілеріне, енді бірі аулалардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша жүгінді.
Облыс бойынша барлығы 38 мобильді азаматтарды қабылдау пункті қызмет көрсетті. Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан қабылдау, жол-техникалық бақылау және әкімшілік практика бөліністерінің басшылары да жұмыс істеді.

Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*