Жол картасын жүзеге асыру бойынша

Жамбыл облысының Полиция департаменті ҚР Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімі жеке құрамымен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғыртуға қатысты Жол картасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жариялау, сондай-ақ әскери қызметшілер арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шара барысында Жамбыл облысының ПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Ералин ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы айтып, ІІМ ЖОО-ға түсу және ІІО-ға қызметке қабылдау тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап полиция қызметкерлеріне жалақыны арттыру және тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы төлеу мәселелері туралы да айтылды.
Әскер қатарынан босағаннан кейін өз өмірін полициямен байланыстыруды шешкен әскери қызметшілерді ішкі істер органдарында, атап айтқанда арнайы қызметте жұмыс істеу ерекшеліктері туралы мәселелер қызықтырды, сондай-ақ кездесу барысында жұмысқа және оқуға қабылдау тәртібіне қатысты туындаған сұрақтар қойылды. Кездесу жылы достастық және нәтижелі жағдайда өтті. Әскери қызметшілер барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*