Салтанатпен қарсы алды

«Алматы-1» темір жол вокзалында Алматы қаласы ТЖД-ның жеңіспен оралған өрт сөндіруші спортшыларын салтанатпен қарсы алу және марапаттау рәсімі өтті.
Күміс жүлде иелері мен олардың тәлімгерлерін плакаттар мен транспаранттар ұстаған ұжымы, достары және туыстары қошеметпен қарсы алды. Темір жол вокзалының перронында Алматы қаласы ТЖ департаментінің үрмелі оркестрі ойнап тұрды. Салтанатты рәсім қазақтың ұлттық дәстүрі шашумен жалғасын тапты.
31 шілде мен 3 тамыз аралығында Атырауда өрт-құтқару спорты бойынша республикалық турнир өткен болатын. Еліміздің барлық аймақтарынан 18 ерлер мен 9 әйелдер командасы жоғары шыдамдылықпен және кәсіпқойлықпен бақ сынасты. Ұпай санының қорытындысы бойынша Алматы қаласы ТЖД-ның ерлер құрама командасы өрт-құтқару спорты бойынша жалпы командалық екінші орынға ие болды. Ал 4×100 метр өрт сөндіру эстафетасында біздің ерлер құрамасы алтын алды. Спортшы қыздарымыз да жеңіске өз үлестерін қосты. «Жауынгерлік қанат жаю» бойынша әйелдер құрамасы қола жүлдені жеңіп алып, көшбасшылардың үштігіне енді.
Жалпыкомандалық жүлделі орын алу үшін жалпыкомандалық есеп бойынша жеңіске жетуге бірнеше секунд қана уақыт жетпей қалды. Ерлер арасындағы жарыста ерекше көзге түскен Ислам Духамбаев Қазақстан Ұлттық құрама командасына өтті. Ол қыркүйек айында Саратов қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын болады.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*