Чемпионатқа қатысқандарды құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жақында Атырау қаласынан ерлер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXVI жазғы чемпионатынан келген Солтүстік Қазақстан облысының спортшыларымен кездесу өтті.
Біздің команда жарыстың жауапты және сайыс кезеңдерінің бірінде үздік нәтиже көрсетті. Олар тек Алматы қаласының командасына жол беріп, 4×100 метр өрт сөндіру эстафетасында 2-орын алды. Атап өту керек, бұл кезең өрт сөндіру оқпанымен жүгіру және әртүрлі кедергілерді еңсеруді, сондай-ақ су берудің жеңдік желісіне қосылуын қамтиды. Бұл өрт сөндірушілер жұмысының маңызды көрсеткіші болып табылады.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов спортшыларды қабылдап, Нұрбек Бокушевке, Денис Матвейкинге, Александр Викторенкоға, Бахтияр Қабдулинге грамоталар табыс етті. Облыс аудандарының және Петропавл қаласы өрт сөндіру бөлімшелері атынан табысты өнер көрсеткені үшін Рамиль Фаткулович спортшыларға шын жүректен алғысын білдірді.
Марапаттаудан кейін дөңгелек үстел басында облыстағы өрт-құтқару спортын дамыту, осындай маңызды саладағы маңызды міндеттерді шешу мәселесі талқыланды.

СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*