Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

«Студенттік жастардың енбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігі Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар мен аудан жастары арасында «Біз бейбітшілік ұрпағымыз» тақырыбында спорттық іс-шара және «Мемлекет және азаматтық белсенділік» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №912 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 27 тармағын орындау мақсатында қарастырылған. Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тарту мақсатында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігі жариялаған конкурс жариялаған болатын.
Қазір жастар арасында спортқа құмартып, білек сыбана белсеніп денешынықтыратын жастар көбейіп келеді. Өткізілген шараның мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ – тир ату, гір тасын көтеру, қол күрес, және дойбы ойындары. Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болды. Мұнда топ мүшелері ептіліктерімен, қырағылықтарымен көзге түсті.
Олардың еңбектерін таразылаған сарапшылар, ойын соңында бағаларын беріп, оның нәтижесінде «Студенттік жастардың енбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Спорттық шараға белсене қатысқан топ мүшелеріне мақтау қағаздары мен жүлделі орындарға ұялы телефондар және сыйлықтар табысталды.

Жүнісов ЖАҚСЫБЕК,
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*