Дала өрті өршімесін десек

Қарағанды облысының ТЖД дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыру бойынша жедел штаб жұмыс істеуде
Қарағанды облысында күн сайын дала өртімен күрес жұмыстары жүргізілуде. Биыл қалыптасқан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы табиғи өрттер санының өсуіне ықпал етеді. Ал жел қысқа мерзімде оттың таралуын күшейтеді.
7 тамызда Жаңаарқа, Қарқаралы, Шет, Ұлытау, Осакаровка және Бұқар-Жырау аудандарында 10 дала өрті жойылды. Бүгінгі күні Шет және Ұлытау аудандарында өрттерді жою жалғасуда.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде дала өрттерін сөндіруді ұйымдастырудың шұғыл штабы жұмыс істейді.
Шет ауданында 4 ауылдық округте: Өспен, Тағылы, Шет, Төменгі Қайрақты алдын ала мәлімет бойынша 5000 га құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге Қарағанды қаласының, Балқаш қаласының және Шет ауданының өрт сөндіру бөлімдері, барлығы 45 адам және 7 дана техника, сонымен қатар 294 адам және ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің 50 дана техникасы жіберілді. 8 тамызда сағат 11: 30-да өрт сөндірілді, өрттің таралуы тоқтатылды.
Негізгі күштер елді мекендерді қорғауға бағытталған. Біз тұрғындардан тыныштық сақтап, үрейленбеуге және далалық алқаптарға баруды шектеуге шақырамыз. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыста 290 дала өрті және құрғақ шөптің тұтануы орын алды. Жалпы өрттің ауданы 9000 га-дан асады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*