Егін отқа күймесін

Астық жинау техникаларын, соның ішінде комбайндарды өрт қауіпсіздігі талаптарына сай ету – дәнді дақылдарды жинау кезіндегі өрттің алдын алудағы маңызды міндеттерінің бірі.
Комбайндарда және астық жинау техникаларында өрттердің алдын алу және сөндіру жөнінде уақтылы шаралар қабылданбаған жағдайда айтарлықтай материалдық шығын келтіріліп, олардың тез таралуы мүмкін. Комбайндар мен астық жинайтын техниканың өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында, Қостанай облысы ТЖ департаменті келесідей ережелерді ұсынады:
– техниканы алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету; – өнімді жинауға және жем дайындауға тартылған техниканы 100% жарамды ұшқын сөндіргіштермен қамтамасыз ету; – битерлердің, сабан толтырғыштардың, тасымалдағыштардың, іріктегіштердің және комбайндардың басқа да айналмалы бөлшектері мен тораптарының біліктерін оралып қалған сабан массасынан уақтылы тазартуды қамтамасыз ету; – комбайндардың жұмыс жүргізетін жерлерінде өрт сөндіру немесе өрт сөндіру мақсатына бейімделген техниканың кезекшілігін қамтамасыз ету; – алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштер, су құйылған бөшкелер, шелектер) астық қоймаларын, ірі азық қоймаларын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; – жем-шөп дайындауға және егін жинауға тартылған барлық қызметкерлерге өртке қарсы нұсқамалар мен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу.
Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.

Азамат ОРЫМБАЕВ,
Қостанай облысының ТЖД
бастығының орынбасары

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*