Аясы кең семинар

Бас бостандығынан айыру орындарында отырған жазасын өтеушілер көп ретте әлеуметтік байланыстарын жоғалтып, қоғамдық ортада болу дағдыларын ұмытып жатады. Оның үстіне қоғамның өзі де бұрын сотталған адамды қабылдауға дайын емес боп шығады.
Осының бәрі қайта қылмыс жасау тәуекеліне әкеледі. Сондықтан да бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдар қоғамдағы өмірге барынша дайындалуға тиіс. Елімізде қылмыстық атқару жүйесінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көп. Олар –сотталғандарды бостандыққа дайындау, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың босап шыққаннан кейін толыққанды өмірді жалғастыруға байланысты мәселелерін шешуде жаңа тәсілдерді сынақтан өткізуді көздейді. Сондай шаралардың бірі –«Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы.
Таяуда СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің базасында «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы аясында семинар өткізілді. Семинарды мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар бөлімі бастығының м. а., әділет капитаны О.В.Вышар кіріспе сөзбен ашты.
Семинарға мүдделі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылды. Солардың бірі –Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының маманы Б.М.Мурзатаевбас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ оның еңбек орналастыру көлемін түсіндірсе, келесі қатысушы Петропавл қаласы пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Г.Ж.Тәшкенова босап шыққан соң сотталғандар заңнамамен белгіленген әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамтамасыз ету құқықтары бойынша заңнамада белгіленген жеңілдіктер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер алу бойынша заң көмегіне жүгіне алатынын түсіндірді. Ал психолог, әділет лейтенанты Ә.М.Баекин өз сөзінде колониядан шығу бойынша сотталғандардың жағымды, эмоционалдық көңіл-күйін айқындап, ассоциативті психологиялық тренингтердің көмегімен олардың барлық қорқынышымен толқуын ашты.

Динара ЖҰМАҒҰЛ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*