Бірінші байлық – денсаулық

Ұлт денсаулығы–еліміздің басты байлығы. «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің мәжіліс залында Қостанай қалалық №1 емхана дәрігерлері Алмазия Жолмағамбетова мен Анжела Кирюшкина аурудың алдын алу мақсатында қызметкерлерге скринингтік тексеру жүргізді.
Бір күн ішінде дәрігерлер 30-дан астам қызметкерді қарап шықты. Тек жұмысшылар ғана емес, сонымен қатар «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Марат Серікұлы Жүсіпов өз әріптестерін қолдап, денсаулығын тексертті. Мамандар сол жерде қант пен холестерин құрамын тексерді.
Скрининг-бұл патологиялар мен ауруларды ерте кезеңде немесе ықтимал қауіп-қатерді анықтау мақсатында халық тобын зерттеу. Скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді және тегін тексеру болып табылады. Скринингтік тексерудің мақсаты–жұртшылықтың назарын өз денсаулықтарына көңіл бөлуге аударту, сондай-ақ скринингтік тексеруге жауапкершілікті арттыру.
Әркім өз денсаулығын мұқият қадағалауы керек. Басқаларды құтқару үшін алдымен өзіміздің деніміз сау және мықты болуы шарт.

«Қостанай облысының ТЖД
ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*