«Смарт қиылыстар» құрағы күзетте

Петропавл көшелерінің 7 қиылысында жол қозғалысына бақылау жасайтын автоматты жүйе орнатылған.
Олар көп жағдайда ЖКО себепші болып жататын жылдамдықты асыру және қызыл түске өтіп кету сияқты өрескел бұзушылықтарды анықтайды. Назарбаев–Интернациональная, Жұмабаев–Сүтішев, Жабаев–Партизанская және Жабаев–Мүсірепов көшелері қиылыстарында орналасқан жүйелер де бағдарландырылған. Сонымен қатар, Назарбаев–Абай, Жабаев–Интернациональная және Астана–Интернациональная көшелері қиылыстарында орналасқан камералар тоқтау-сызығынан өткендерді де тіркейді. Одан басқа, камералармен барлық автомобильдердің нөмірлері тіркеліп, мәліметтер «Ағын» жүйесіне беріледі, ол өз кезегінде полицейлерге жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде сол немесе басқа да көлік құралының жүруін анықтауда көмегін тигізеді. Аталған қиылыстардағы барлық функцияларды қамтамасыз ету үшін 42 автоматтандырылған бейнекамера жұмыс істейді.
«Смарт қиылыстар өз тиімділігін іс жүзінде көрсетті, – деді СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Болат Жексембинов. – Сигналдар камералардан процессингтік орталыққа келіп түседі, ондағы бағдарламалық қамтамасыз ету бұзушылықты автоматты түрде тіркейді және бұзушының мемлекеттік нөмірін анықтайды. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоққа шығарады және полицейлердің жұмыс уақытын үнемдейді. Бұдан бөлек, бұл қиылыстарда зардап шегушілер бар бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ».
Тәртіп сақшылары интеллектуалды бейне жүйелермен анықталатын бұзушылықтар орташа есеппен күніне 3-4 бұзушылықты құрайтынын атап өтті. Кейде көптеп тіркелетін бұзушылықтар кездейсоқ түрде жасалады. Бұзушылықтар ең көп Астана – Интернациональная көшелерінің қиылысында болып тұрады, бұл жерде күніне 8 ереже бұзушылыққа дейін тіркеледі. Анықталған айқын заңдылықтар жоқ, бұзушылықтардың басым бөлігі түс кезінде және кешкі уақытта жасалады, көбінесе қала қонақтары жол беріп жатады.
Жалпы жыл басынан интеллектуалды бейне жүйелері арқылы жол қозғалысы ережелерінің 1372 бұзушылығы анықталды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*