Біздің қызметтің мақтанышы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін және жаңа тәуелсіз Қазақстанды құру солардың қолында екенін әрдайым атап өтті. Бұл мәселе өз кезегінде, тек сөзбен шектеліп қалған емес.
Біздің елімізде жоғары оқу орындарын үздік бітірген, әр түрлі салаларда қызмет етіп жүрген дарынды және талантты мамандар өте көп. Қазір олар алған білімдері мен жинаған тәжірибелері арқылы еліміздің көркеюіне үлес қосып жатыр. Сондай жанның бірі – Ерлан Бисен.
Азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерлан Асылханұлы жоғары оқу орындарын қызыл дипломмен және мерейтойлық төсбелгімен бітіргеннен кейін, қазір өзінің жас болғанына қарамастан Лисаков қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болып табылады.
Ерлан 1995 жылы 19 мамырда Қостанай облысы, Қарабалық ауданында дүниеге келген. Рудный қаласындағы №10 спорт гимназиясын бітіріп, Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау университетіне оқуға түсті. Ол мектеп оқушысы бола тұра, кім болатынын және қайда оқуға түсетінін нақты білетін. Бірінші семестрді үздік бітіргеннен кейін бірден Мәскеу университетіне шақыру алады, бірақ жас студент Ерлан екінші семестрді аяқтағаннан кейін ғана, шақыруды қабылдап, Белоруссия қаласындағы университетке түсуге шешім қабылдайды. 2017 жылы шетелде жоғары білім алған Ерлан Асылханұлы еңбек жолын Төтенше жағдайлар департаментінде мемлекеттік өрт бақылауынан бастады. Бір жерде тоқтап қалмай, өз білімдерін кеңейтіп, Белоруссия қаласындағы ТЖМ академиясына магистратураға түседі. 2019 жылы магистратураны үздік бітіріп, салтанатты шығарылымда қызыл диплом мен мерейтойлық төсбелгісіне ие болады. Қазір техника ғылымдарының магистрі.
Жас отағасы өзінің екінші жартысын мақтанышпен айтады. Ерлан Асылханұлының жұбайы да медицина саласындағы қызыл диплом иегері болып табылады.
Біз шын жүректен Ерлан Асылханұлына жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, білімнің жаңа шыңдарын бағындыруды тілейміз. Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ұжымы өзінің қызыл диплом иегерін мақтан тұтады.

Қостанай облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*