Жеңімпаздармен салтанатты кездесу

Жуырда Ақтөбе темір жол вокзалында өрт-құтқару спорты бойынша ҚР XXVI чемпионатының қатысушыларын әріптестері, ақтөбелік спортшылардың жанкүйерлері және жалпы fire-sport жанкүйерлері қарсы алды.
Атырау қаласында өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша қызу күресте біздің қыздар командасы көшбасшылар үштігіне еніп жүлделі орынға, ерлер командасы бесінші орынға ие болды. 18 команда қатысқан республикалық біріншілікте олардың көрсеткіштерінің үлес салмағы, әрине, жоғары.
Ақтөбе ерлер командасы екі жыл қатарынан жауынгерлік қанат жаю бойынша чемпион атанып келеді. Осы чемпионатта олар үздік нәтиже көрсетіп, жауынгерлік қанат жаюда қарсыластарын басып озды. Бұл жеңіл атлет жылдамдығын, гимнастшының икемділігін және штангистің күшін талап ететін сайыс түрі. Өрт сөндірушілердің магистралды жеңдік желісін төсеу және ірі өрттерді сөндіру кезінде пайдаланылатын жауынгерлік қанат жаю тәсілі – шыдамдылық пен командалық рухтың, түсіністік пен өзара көмек көрсетудің биік үлгісі.
Ақтөбе облысының ТЖД бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Б.Сыздықов спортшыларды ыстық ықыласпен қарсы алып, чемпионатта жоғары деңгейде жетістік көрсеткендері үшін және спорттағы жеңістері үшін алғысын білдірді. Кездесу барысында Ақтөбе телеарнасының өкілдері, департамент және өрт сөндіру қызметінің бастықтарынан, сондай-ақ өрт-құтқару спорты бойынша ҚР XXVI чемпионатының қатысушыларынан сұхбат алды.

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*