«Қауіпсіз балалық шақ» жалғасуда

Павлодар қаласы ТЖ басқармасы «Қауіпсіз балалық шақ» акциясының аясында мәдениет бөлімінің мәдени-сауық орталығымен бірлесіп қалалық мәдениет және демалыс саябағында облыс орталығының жас азаматтарына арналған кезекті профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында саябақта демалушылардың қатарындағы балалардың арасында жарыстар ұйымдастырылып, өрт сөндіру кезінде өрт сөндіргіштің қалай қолданылатыны көрнекі түрде көрсетілді. Өткізілген викторина біздің қаланың балалары құтқарушы, өрт сөндіруші мамандығы туралы көп білетіндігін көрсетті. Олар «Құтқарушы», «Автоцистернаны толтыру», «Ұласпалы жүгіріс» эстафеталарына белсене қатысып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді.
Қызыл Жарты Ай еріктілері дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді. Шара соңында «Домовенок» би тобы «Кошкин дом» қойылымынан «от биінің» үзіндісін көрсетті.
Іс-шараға қатысушылар үшін өрт-техникалық және құтқару жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Балалар жауынгерлік киімдерді киіп, өрт сөндіру машинасының кабинасында отырып, суретке түсті, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы бойынша көптеген сұрақтарды қойды. Іс-шара балмұздақпен таратумен аяқталды. Кездесу туралы естелік ретінде алаңға жиналғандарға судағы, үйдегі және демалыстағы қауіпсіздік туралы жадынамалар табыс етілді.

Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*