Тәрбиелік сапар

Ақмола полицейлері полиция органдарында есепте тұрған жасөспірімдер мен аз қамтылған отбасылардың балаларын Нұр-Сұлтан қаласына экскурсияға апарды.
«Жұмыспен қамту» республикалық акциясы аясында өтіп жатқан шарада 160-тан астам бала қамтылды. Ақмола облысының 16 аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары облыстық департамент бастығы генерал-майор Берік Біляловтың бастамасымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында 2019 жылдың шілде айынан бастап балаларды елорданың көрікті жерлерімен таныстырып келеді. Әрбір аудандық полиция бөлімі өзінің қамқорлығындағы балаларға жеке экскурсия өткізуде.
Айта кету керек, оқушылардың көбі бұрын Қазақстанның бас қаласында болмаған. Сондықтан да сапар балаларға ұмытылмас әсер қалдырды, жасөспірімдер көптеген жаңа эмоциялар мен жағымды әсер алды. Жазғы демалыс күндері тәртіп сақшыларының арқасында оқушылар ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына, Қазақстанның Ұлттық музейіне, ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына, астаналық Бейбітшілік және келісім мұражайына, Тұңғыш Президент кітапханасына, KeruenCity сауда-ойын-сауық орталығына барды.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жазғы демалыс аяқталғанға дейін Ақмола облысының барлық аудандарынан жасөспірімдер үшін осындай сапарларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Кері қайту жолында ұлдар мен қыздар сапар туралы әсерлерімен бөлісті, ал аудандарға келгеннен кейін экскурсия ұйымдастырушыларына шын жүректен алғыстарын білдірді.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*