Пробация қызметкерлері де қалыс қалмады

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында Мамлют ауданының пробация қызметі қызметкерлері осы іс-шараға тікелей атсалысты.
Акцияның мақсаты – аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың оқушы балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету.
Осы акция шеңберінде біз осы көмекті қажет ететін мектеп жасындағы балалары бар есепте тұрған отбасыларға көмек көрсетудеміз. Осылайша, профилактикалық есепте тұрған адамдардың ішінен мектеп оқушыларын тәрбиелеп отырған аз қамтамасыз етілген сотталғандардың неғұрлым мұқтаж отбасылары іріктелді.
СҚО бойынша ҚАЖД Мамлют аудандық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, олардың балаларына қажетті кеңсе тауарлары бар портфель сыйлады.
Осындай іс-шараларға қатысу біз үшін дәстүрге айналғанын естеріңізге сала кетейік, өткен жылы төменгі сынып оқушыларының ата-аналары болып табылатын сотталғандарға да, сондай-ақ балалар үйіне де қайырымдылық көмек көрсетілді.

Алмагүл СЕЙТОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*