Су мен жолда сақ болыңыз!

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қармақшы ауданында орын алған жол-көлік апаты» және «Су айдынында сақ болыңыз!» тақырыптарында баспасөз-мәслихаты өтті. Оған Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник С.Молдақараевтың, Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Жаңабаевтың, Қызылорда облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ә.Өтегеновтің, Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Б.Ибраевтың, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары О.Искаковтың қатысуымен 1 тамыз күні өткен шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ә.Өтегенов: «Бүгін Қармақшы ауданында жол-көлік оқиғасы болып, 4 адам қаза тапты. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,– деді.
Сонымен бірге, Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник С.Молдақараев: «Қызылорда облысы аумағында жыл басынан бері 29 адам суға батып қаза болды, оның 12-сі бала. Судағы қауіпсіздік жөніндегі рейдтер мен үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, апта сайын судағы бақытсыз жағдайлар орын алуда. Сондықтан облыс тұрғындарына өзіңіз бен балаларыңызға суда сақ болуды сұраймыз», – деді.
Облыс көлеміндегі айдындарда болған қайғылы жағдайларға негізгі себептері – судағы қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы, су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде суға түсуі және кәмелет жасқа толмаған балаларды ата-аналардың қараусыз қалдыруы және тағы басқалар. Осы орайда, Жергілікті полиция қызметінің мамандарымен бірлесіп жүргізілетін рейдтерде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 364-бабының 1-тармағы, 1-тармақшасы бойынша «Ортақ су пайдалану ережесін» бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертіледі.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*