Алғашқы кезең аяқталды

Өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының XXVI жазғы чемпионаты, әйелдер арасындағы VI жазғы чемпионаты «Самал» шағын ауданының өрт сөндіру бөлімінің аумағында жалғасуда. Турнирдің алғашқы күні кедергілері бар 100 метрлік жолақтан уақытқа жүгіріп өту жарысы өтті. Жарыстың бұл түрі – өрт-құтқару спортының ең қиын түрі. Әуелі қатысушылар дуалдан секіріп өту керек. Ерлер үшін оның биіктігі 2 метр, әйелдер үшін 80 сантиметр. Одан әрі спортшылар алдын ала арақашықтықта орналасқан шиыршықталып жиналған өрт сөндіру жеңдерін іліп әкетеді де, оны сол қарқынмен тарқатып созып жіберіп алдында тұрған биіктігі 1 метрлік бөрененің үстімен жүгіріп өтеді. Бөрене секілді спорттық снарядты – бум деп атайды. Одан түскен соң жеңнің бір ұшын тармақтағыш шүмектің күршігіне ілу қажет. Ал екінші ұшы қатысушының арқасына орналасқан өрт оқпанына бекітіледі. Барлық манипуляцияларды орындағаннан кейін жүгіру мәре сызығына дейін жалғасады.
Әйелдер арасында осы кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеруде Нұр-сұлтан қаласынан келген спортшы Елена Гептина 17,46 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Одан әрі күміс жүлде 17,96 секунд нәтижесімен Ақмола облысынан келген Анастасия Астафьеваға бұйырды. Қола медальды 18.15 секунд нәтижесімен ақтөбелік Виктория Бекмухамбетова иеленді.
Ерлер арасында 16.52 секунд нәтижесімен шығысқазақстандық Ералы Абзалов чемпион атанса, 17.44 нәтижесімен күміс жүлдеге қарағандылық Текенов Бауыржан қол жеткізді. 19.97 нәтижесімен Нұр-Сұлтан қаласынан Олжабаев Темірлан қола медальды қанағат етті.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*