Жемқорлыққа қарсы отбасылық жарыс

Қазалы аудандық ішікі саясат бөлімінің қолдауымен «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестігі және «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Біз жемқорлыққа қарсымыз! Бар байлығым отбасым» атты отбасылық эстафеталық жарыс болып өтті.
Жарыстың мақсаты – бүгінгі күннің талабына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны болдырмау, сыйлықтан бастау алатын сыбайластыққа мүлде төзбеушілікті қалыптастыру, қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге баулу.
Сайысқа 8 отбасылық команда қатысып, 5 тур бойынша бақ сынасты. Жарыста ойын көрсететін командаларға төрелік ететін қазылар алқасы сайланып, төрелік жасады.
Нәтижесінде жүлделі 1-орынды Қазалы ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау аға сержанты Оңталап Жалмахановтың отбасы жеңіп алса, 2-орынды №170 орта мектептен Рүстемовтер отбасы, 3-орынды «Балапан» балабақшасынан қатысқан Жүкеновтер отбасы иеленді. Жарыс барысында ерекше ойын көрсеткен отбасыларға түрлі номинациялар бойынша сыйлықтар табысталды. Эстафеталық жарысқа қатысып, жемқорлықты жою мен саламатты ұрпақ тәрбиелеудегі ерік-жігері үшін барлық отбасыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*