Ер есімі – ел есінде

Атырау облысында қыз баланы құтқарамын деп Жайыққа батып кетіп опат болған батыр әріптесіміз, полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевті еске алу құрметіне шағын футболдан жарыс болып өтті.
Турнир батыр ұлдың туған мекені Махамбет ауданы Береке ауылында ұйымдастырылды. Жасыл алаңға 10 команда шықты. Олардың арасында Атырау қаласы Полиция басқармасының командасы да бар. Бұл командада көзі тірі кезінде Шалқардың өзі өнер көрсеткен болатын.
«Турнирді ұйымдастыру бастамасы Шалқардың ауылдастары мен жақын достарына тиесілі. Осы ынтасы үшін оларға алғыс білдіргіміз келеді. Біздің тарапымыздан тек «Үздік ойыншы» кубогы тағайындалды», – дейді департамент басшылығы.
Жарысқа қатысқан командалар негізінен сол ауылдағы мекемелерден және жақын ауылдардан келген командалар болды. Олардың көпшілігі Шалқардың құрдастары, достары болатын. Солардың ішінен «Үздік ойыншы» кубогына Дархан Хасенов лайық деп танылды.
«Біздің командада Шалқардың өзі өнер көрсеткен болатын. Біз бірге ойнап көптеген жарыстарға, қайырымдық шараларына қатысқан болатынбыз. Бірақ бүгін Шалқарсыз алаңға шықтық. Ол өте үздік ойыншы болатын. Турнирге арнап кубок тіккені үшін департамент басшылығына алғысымды білдіремін», дейді Дархан.
Жарыс қорытындысында Махамбет ауданының «Алға» командасы жеңімпаз атанды. Енді жеңімпаз команда Полиция департаменті басшылығы алдағы күз айында ұйымдастырғалы отырған Шалқар Ақымғалиев атындағы облыстық шағын-футбол турниріне шақыртылатын болады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Атырау облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*