«Донор күні» – қайырымдылық кезеңі

31 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы Мандандырылған күзет қызметі басқармасы «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен» бірлесе отырып «Донор күні» атты арнайы акция өткізді.
Игі шараға Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ ұжымы ерікті түрде белсене атсалысып, орталықтың арнайы автобусының алдында кезекке тұрып қан тапсырды. Қан тапсырғаннан соң қызметкерлерге шәй, шырын беріліп, тәттілер үлестірілді.
Қан орталығы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, донорлық шараға жалпы саны 40 қызметкер қатысқан. Жалпы қорытынды бойынша бүгінгі шара аясында 16 литр қан жиналып, қан орталығының қорына өткізілді.
Аталған іс-шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өз Жолдауында айтқан «Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек. Полицейлер – халық арасындағы менің өкілдерім» деген өсиетіне лайық болу үшін ұйымдастырылып, Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ мұндай акцияны жылына екі реттен өткізуді үрдіске айналдырып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы МКҚБ кадр саясаты бөлімі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*