Алғаш рет «Абай оқулары» өтті

2019 жылды ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті «Бас бостандығынан айыруға сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жылы» деп жариялаған болатын.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 5 мекемесінде сотталғандар арасында «Абай оқулары» байқауы өткізілді. Конкурсқа қатысуға 50-ге жуық сотталған ниет білдірді.
Іс-шараның басты мақсаты – Елбасының жаһандық бастамаларының бірі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық-имидждік қолдау және Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын насихаттау, сотталғандар арасында оқу мәдениеті мен әдеби талғамды қалыптастыру, қазақ тіліне, әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру, ақын шығармашылығындағы көркемдік ерекшеліктерді, қазақ тілінің бай сөздік қорын насихаттау, сол арқылы рухани бірлікті нығайту.
Байқау басталмас бұрын СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/1, ЕС-164/3, ЕС-164/6, ЕС-164/8, ЕС-164/9 мекемелерінде А.Құнанбаев шығармаларының кітап көрмесі, сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.
Қазылар алқасының құрамына жергілікті әкімдік, Мәдениет үйінің өкілдері, мекеме бастықтарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімдерінің бастықтары кірді. Қатысушылар келесі критерийлер бойынша бағаланды: орындаушылық шеберлік, әртістік, ұсынылатын жанрлардың әртүрлілігі, сонымен қатар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен өмірбаянын білу. Әрбір сөз сөйлеудің басты ерекшелігі – шынайылық, поэзия арқылы өзінің ішкі жан дүниесін жеткізу болды.
Конкурс жеңімпаздары ҚР ҚАК 128-бабына сәйкес мекеме бастықтары құқық беретін ынталандыру жеңілдіктерімен марапатталды. Сотталғандар арасындағы «Абай оқулары» байқауы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде алғаш рет өткізіліп тұрғанын атай кету керек.

Мадина ЕРҒАЛИЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*