Жастар жылы – жаңа белестер бастауы

Жуырда ІІМ Оқу орталығында (Павлодар қ.) Криминалистика және арнайы техника циклі апталығының аясында Жастар жылына арналған «Жаңашыл жастар – ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстелдің ашылуында оқу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Алмагүл Кәрімова құттықтау сөз сөйледі. «Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар жылында қазақстандық жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Қазақ елі бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданып, бірыңғай іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді. Бұл жастар саясаты мемлекеттің назарында тұрғанын көрсетеді», – деді кіріспе сөзінде Алмагүл Амангелдіқызы.
Шараға «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының бөлімше басшысының міндетін атқарушы А. Шәріп, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар одағы Үйлестіру кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Р. Смаилов, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ҚММ бөлім жетекшісі Б. Жансейтов, «Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ жастар саясаты секторының меңгерушісі О. Жакин, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ҚММ бөлімінің инспекторы А. Катеев және Оқу орталығының оқытушылары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жастар жылына арналған жаңа жобалар мен осы күнге дейін жастарға бағытталып жасалған шаралар туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қоса, шараға қатысушылар өз еліне деген сүйіспеншілік пен ыстық ықыластарын білдіріп, жастар жылы аясында қандай мүмкіншіліктері бар екендігін талқылады.
Дөңгелек үстелді Криминалистика және арнайы техника циклінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Ашықбаев қорытындылап, қатысушыларға өз алғысын білдіріп, шараға келген қонақтарға алдағы уақытта табысты ынтымақтастық және жетістіктер тіледі.

Оқу орталығының Криминалистика және арнайы техника циклі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*