Кіл мықтыдан кім мықты?

Ақтау қаласы «Жас Батыр» спорт кешенінде Маңғыстау облысы құқық қорғау органдары арасында самбо күресінен Маңғыстау облысы ПД-нің чемпионаты өтті.
Чемпионатты облыстық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Ақшауов ашты. Жарысқа барлығы 8 салмақ дәрежесінде 80-ге жуық спортшы және 6 команда қатысты.
Нәтижесінде төменде көрсетілген спортшылар жеңіс тұғырларынан көрінді.
57 келі салмақта I орынды ЖҚАЖ инспекторы С. Ғұбайдулин, II орынды Жаңаөзен қаласы ПБ инспекторы А. Жұмағалиев, III орынды Ақтау қаласы ПБ инспекторы Н. Бердиханов жеңіп алды.
62 келі салмақта I орынды ОЖР инспекторы М. Есекенов, ІІ орынды ЖҚАЖ инспекторы С. Халбаев, III орынды МКБ полицейі И. Ерназаров иеленді.
68 келі салмақта I орын ЖҚАЖ инспекторы Т. Қуанайға, II орын Жаңаөзен қаласы ПБ жедел уәкілі Ә. Мұхамедовке, III орын Ақтау қаласы ПБ инспекторы Қ. Еділовке бұйырды.
74 келі салмақта I орынды ОЖР инспекторы А. Ходжаниязов, IІ орынды ҚАЖД инспекторы А. Әбдіров, III орынды Жаңаөзен қаласы ПБ инспекторы А. Өсербаев жеңіп алды.
82 келі салмақта I орынға ОЖР инспекторы Е. Қыдырбаев, ІІ орынға Ақтау қаласы ПБ инспекторы Қ. Өтелгенов, III орынға ММКБ полицейі А. Сартбаев орналасты.
90 келі салмақта I орын ОЖР командирі Е. Әлмұханбетовтің, II орын ЖҚАЖ инспекторы Е. Нұғмановтың, III орын ОЖР инспекторы Ж. Байскаковтың еншісіне бұйырды.
100-ге дейінгі салмақта бас жүлдені ЖҚАЖ инспекторы С. Сапарбай ұтып алса, II және ІІІ орындарды Ақтау қаласы ПБ инспекторы Р. Әбдіманап пен ОЖР инспекторы Қ. Орынбаев өзара бөлісті.
100 келіден жоғары салмақта I орынды ОЖР инспекторы А. Ридняк, II орынды ЖҚАЖ инспекторы Б. Шолтаев, III орынды Жаңаөзен қаласы ПБ инспекторы Е. Жұмабай еншіледі.
Командалық жарыста I орын ОЖР командасына, II орын ЖҚАЖ командасына, III орын Ақтау қаласы ПБ-не бұйырды.
«Үздік әдіс жасағаны үшін» номинациясында Ақтау қаласы ПБ инспекторы А. Орынбасаров, «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясында 3502 әскери бөлімнің қызметкері Б. Алиев жеңімпаз атанды.
Чемпионатта жүлделі орын алған қызметкерлер және төрешілер грамоталармен, медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, І орын иеленген қызметкерлер ІІМ Чемпионатына жолдама алды.
Жарысты өткізуге атсалысқан «Жас Батыр» спорт кешенінің басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*