Велосипедшіге қатысты ережелер

Ақмола полицейлері велосипедшілерге жолда сақ болу, жүру бөлігін жаяу жүргіншілер жолымен кесіп өту, өту қауіпсіздігіне көз жеткізу, тәуліктің қараңғы уақытында жүру үшін велосипедтерді фонарьмен, катафотпен немесе жарық қайтарғыштармен жарақтау сынды қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы өтініш білдіреді.
Тәртіп сақшылары ӘҚБК-не сәйкес велосипедші 615-бап («жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзуы») бойынша 5 АЕК айыппұл төлейтінін еске салады. Жалпы, 2019 жылдың басынан облыс орталығындағы жол-көлік оқиғаларының 4-і велосипедшінің кінәсінен болған. Осылайша, Көкшетау қаласының 39 жастағы велосипедшінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы 24 шілдеде облыс орталығының реттелетін қиылысында орын алды. Куәгерлердің айтуынша, велосипедші бағдаршамның қызыл түсіне жолдан өткен. Осы уақытта 40 жастағы жүргізушісі «HongQi» маркалы автокөлікпен жасыл түске өтіп бара жатқан. Нәтижесінде велосипедші жарақат алды. Автокөлікке механикалық зақым келтірілген.
Сондай-ақ, Ақмола полицейлері жол қозғалысының басқа да ережелерін еске салады. ЖЖЕ-не сәйкес сіз велосипедпен жүріп келе жатсаңыз – жүргізушісіз, ал жаныңызда сүйреп апара жатсаңыз – жаяу жүргіншісіз. Егер жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, велосипедшілер шеткі оң жолақпен бір қатарға немесе жол жиегімен жүруі тиіс. Велосипед жүргізетін адамдар жолдың жүру бөлігінің шетімен көлік құралдары қозғалысының жүрісі бойынша жолдың оң жағымен жүреді.
ЖҚЕ 24-тармағына сәйкес велосипед жүргізушілеріне рөлді бір қолмен ұстауға, жолаушыларды тасымалдауға, сондай-ақ, ұзындығы немесе ені бойынша 50 см-ден асатын немесе басқаруға кедергі жасайтын жүк тиеуге тыйым салынады. Сондай-ақ, велосипедшіге солға бұруға немесе осы бағытта қозғалуға арналған бір жолақтан артық жолақтары бар жолдарда бұрылуға тыйым салынады.
Осы қарапайым ережелерді білу және оларды орындау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтап қалады, сондай-ақ, жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*