TazaQazaqstan-ға үн қосты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Твиттер парақшасында #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясының басталғанын жариялады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық акцияны қолдау туралы мәлімдеді.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды елді тазалық аумағына айналдыруға шақырды. Экологиялық іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны ластау проблемасына назар аудару.
«Табиғат пен оның ресурстарына жауапсыз қарауынан және ғаламдағы өз орны мен жағдайын дұрыс түсінбеуіне байланысты адамзат баласына азып-тозып, жойылып кету қаупі төніп тұр», – деді облыстық ТЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Н. Атығаев. – Сондықтан табиғатты «дұрыс» қабылдау мәселесі, сол сияқты «экологиялық мәдениет» қазіргі уақытта алдыңғы жоспарға шығады».
Департамент қызметкерлері Пестрое көлінің аумағын тазалау бойынша іс-шараларға қатысты. Акция барысында жиналған қоқыс пластикалық пакеттерге салынып, қоқыс контейнерлеріне шығарылды. Шараға қатысушылар «Экологиялық сананың оянуы – ортақ игілікке бастар жол» ұранын өзгелерге де түсіндіру қажеттігін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*