Апаттық-құтқарудың қыр-сыры

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тәртіп сақшыларымен төтенше жағдайға тап болған адамды құтқару бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Полицейлер төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқаруға алғашқылардың қатарында барып, өмірлерін қатерге тігеді.
Бүгінде қалада және қала сыртындағы жолдарда қызмет атқаратын патрульдік полиция экипаждары судағы оқыс оқиғалар, өрт және жол-көлік оқиғалары кезінде адамдарды құтқаруға қажетті құралдармен жабдықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аталған құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану жолдарын көрсетті.
Жыл басынан бері полицейлер қиын жағдайға тап болған ондаған солтүстікқазақстандыққа қол ұшын берді. Адамдарды суда құтқару үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құтқару кеудешесін, құтқару шеңберін, өрт кезінде брезент жапқышты пайдалана алады. Сондай-ақ, патрульдік көлікте дәрі-дәрмектер, металл кесетін пышақ, арқан, қоршауға алу лентасы, шам сияқты заттар бар.
Суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде оған арт жағынан жүзіп барған жөн. ТЖД ҚБ ЖҚЖ басшысы-құтқарушы Сергей Черкасов құтқару барысындағы осы және басқа да маңызды ережелер жайлы полицейлерге айтып берді. Тәртіп сақшылары практикалық сабақ өткізді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – облыстық Полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері әріптестеріне адам құтқарған кезде жеке басының қауіпсіздігін естен шығармау қажеттілігін де атап кетті. «Полиция қызметкерлері адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірлерін қауіпке тігеді. Олар жол-көлік оқиғасы және төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық, басқа да қажетті көмек көрсету дағдыларын жақсы білуі тиіс», – деп атап өтті облыстық ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мұрат Қожаев.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*