Тәжірибе мен қызмет

ІІМ Қостанай Академиясы – болашақ өз ісінің мамандарын дайындайтын оқу ордасы. Мұнда қоғам қауіпсіздігінің қорғаны – болашақ құқық қорғаушылар даярланады. Оқу уақытында курсанттар тек теориялық білім алып қана қоймай, практикалық машықтарын да жетілдіре алады. Ол – көшпелі дәрістер, практикалық жұмыстар және еңбек тәжірибесі.
Осындай еңбек тәжірибесінен өту үшін 2017 жылы оқуға түскен қатардағы полиция курсанттары Нұрбол Отабайұлы, Есалы Алмаз Ахмет Әлихан Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ИЧ-167/11 мекемесіне келді. Қазір олардың алдында қылмыстық атқару жүйесі қызметкерінің практикалық жұмыс машықтарын игеру, оқу барысында меңгерген теориялық білімдерін тиімді қолдана білу сынды күрделі міндеттер тұр.
Тәлімгерлерінің қол астында курсанттар бүгінгі таңда режим және күзет бөлімі, арнайы есеп бөлімі қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктерін зерделеп, бөлімшелердің жұмысын регламенттейтін құжаттармен және нормативтік-құқықтық актілермен танысуда. Құжаттармен жұмыс машығын игерумен қатар олар қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері жұмысының қыр-сырын да толық танып-білуге ұмтылуда.

Жансұлу АБДУЛЛА, Шымкент қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*