Үш баланы құтқарған батыр

Жуырда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өрт кезінде үш баланы құтқарып қалған Алмас Рыйзабековті марапаттау рәсімі өтті.
Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылындағы тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатқан 1994 жылы туған Алмас тұрғын үйдің жанып жатқанын көріп, бірден Алматы облысы ТЖД-не 101 телефон нөміріне хабарлайды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін балалардың айқайларын естіген жас жігіт жанып жатқан үйдің терезелерін сындырып, өрттен үлкендердің қарауынсыз қалған үш баланы: 2005, 2017 жылдары туған қыздарды және 2012 жылы туған ұл баланы алып шықты.
Балаларды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Серікқан Тұраров «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» ведомстволық наградасын табыс етіп: «Кез келген ересек адам Алмас Рыйзабековтің жасағанын жасай алмайды. Біздің облыс тұрғындары арасында қиын сәтте өз өмірлерін қатерге тігіп, көмекке келуге дайын батырлар барына қуаныштымыз. Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз!» – деді.
Сондай-ақ, өрт кезінде балаларды құтқаруда көрсеткен ерлігі және азаматтық борышын адал орындағаны үшін батырдың анасы Әлия Алдабергенова министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*