Жағажайлардағы жағдай талқыланды

Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Е. Өтегенов құрылымдық бөлімше басшыларының және жедел топ мүшелерінің қатысуымен кеңес өткізді. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды: өңір аумағында шомылу кезеңінің өтуі бойынша жағдай.
Павлодар қаласы ТЖ басқармасының бастығы Р. Валишанов және азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Р. Жанас халықпен үгіт-насихаттау жұмыстарын күшейту, азаматтарды ақпараттандырудың жаңа әдістері мен түрлерін енгізу бойынша ұсыныстар жасады.
Кеңесте облыс қалалары мен аудандарындағы жағажайлардың шекарасын кеңейту бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Одан әрі ТЖД бастығы селектор бойынша судағы жазатайым оқиғалардың саны артқан қалалар мен аудандардың ТЖ бөлімдері бастықтарының алдын алу жұмыстары туралы ақпаратты тыңдады.
Кеңес барысында Ернұр Сапарұлы халықтың жаппай демалатын рұқсатсыз және стихиялық орындарында бөлімше тарапынан жеткіліксіз жұмыс атқармауына назар аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша АҚ басқармасына, тиісті бөлімдер мен басқармалардың бастықтарына жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмаған балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырғаны үшін ата-аналар мен ересектердің жауапкершілігін күшейту бөлігінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Өңірдегі ыстық ауа райына байланысты барлық бөлімшелерге Жергілікті полиция қызметін, жергілікті атқарушы органдарды, волонтерлерді тарта отырып, күн сайын және демалыс күндері алдын алу рейдтерін өткізу тапсырылды. БАҚ-та басшылық құрамның сөз сөйлеуін ұйымдастыру, судағы қауіпсіздік бойынша роликтерді көрсету қажет.

Павлодар облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*