Есірткі жарнамасы белең алмасын

Көкшетауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлері Жастар ресурстық орталығы және Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының есірткі қылмысына қарсы еріктілерімен бірлесіп, велосипедпен облыс орталығының көшелерін аралап, көпқабатты үйлердің кіреберістері мен басқа да нысандардың қабырғаларын тексерді.
Тексеру барысында анықталған сайт, электрондық пошта атаулары, есірткі таратушылардың байланыстары мен тыйым салынған заттарды сату туралы ұсыныстар көрсетілген жазбалар баллондарының көмегімен боялды. Рейд кезінде полиция қызметкерлері мен еріктілер Шаңырақ, Сәдуақасов, Әуелбеков, Алтынсарин, Б. Әшімов көшелеріндегі көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен қабырғаларында, сондай-ақ, аялдамаларында тыйым салынған жазуларды анықтады.
Алдын алу және ведомствоаралық байланыс бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Мейрам Жапбасов мұндай рейдтерді полицейлер мен еріктілер өңірде үнемі өткізіп тұратынын атап өтті. Бұдан басқа, тәртіп сақшылары есірткі құралдарын насихаттайтын және таратуға ықпал ететін сайттарды тексереді. Тек осы жылы полицейлер тиісті органдарға осындай 20-дан астам сайтты бұғаттау туралы ұсыныс жіберді. Сондай-ақ, ведомствода полицейлерге есірткінің таралуына қарсы күресте облыстың әрбір тұрғыны көмектесуі қажеттігі айтылды. Полиция қызметкерлері жұртшылықты өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытуға және мұндай жарнамалардың таралмауына жіті назар аударуға шақырды.
Полиция қызметкерлері есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін әкімшілік жауапкершілікті еске салады. ӘҚБтК 423-бабының санкциясында 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделген.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*