Қауіпсіздіктің басты шарты

Судағы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталмас үшін қауіпсіздіктің басты шарты – суға түсу және жүзу құралдарымен серуендеу кезінде жүріс-тұрыс ережесін сақтау. Сондай-ақ, суға шомылу кезінде балалардың ересектер тарапынан үнемі бақылауда болып, суға шомылатын орынды дұрыс таңдау керектігін ұмытпау керек.
Осыларға байланысты Батыс Қазақстан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі Жедел-құтқару жасағы мен Орал қаласы ТЖБ қызметкерлері, Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен «Жас Отан» еріктілерінің қатысуымен Киров атындағы саябақта «Қауіпсіз жаз» тақырыбында мәдени-көпшілік шара өтті. Шара барысында флешмоб ұйымдастырылды.
Флешмобты бастамас бұрын құтқарушылар балалардың суда тап болатын қауіптері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалар мен ересектерге су қоймаларындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы, құтқару құралдарының не үшін және қалай қолданылатыны, балалар жазатайым оқиғаның куәгері болған кезде не істеу керектігі, зардап шегушілерге қалай көмек көрсету және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті қалай дұрыс көрсету туралы айтты.
Таныстырылымнан кейін флешмобқа қатысушылар мен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шомылу маусымының ережелерін сақтау туралы ақпараттар жазылған буклеттер мен жадынамаларды таратты.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс бөлімі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*