22 шетелдік ұсталды

Ақмолалық полицейлер елде заңсыз еңбек еткен 22 шетел азаматтарын ұстады.
Тәртіп бұзушылық «Заңсыз келуші-2019» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды.
Көші-қон полициясы қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кешені барысында облыс орталығындағы құрылыстардың бірін тексерді. Нысанды тексеру кезінде полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының 22 азаматын анықтады, олар құрылысшы және әртүрлі жұмысшы ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Сонымен қатар, шетелдіктердің жұмысқа орналасуға рұқсат беретін қандай да бір құжаттары жоқ. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматтары ӘҚБК 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, заңды бұзып, жұмысқа шетелдік азаматтарды тартқан жұмыс беруші да жауапқа тартылады.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*