Жарты жылдағы жемісті жұмыс

Алматы қаласында еліміздің көлік полициясының 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысының қорытындысы бойынша кеңейтілген көшпелі кеңесі өтті.
Басқосуда Көліктегі Полиция департаментінің, соның ішінде қылмысқа қарсы іс-қимыл, қоғамдық тәртіп пен жеке құрам арасындағы тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ, әрбір полиция бөлінісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтудің басым міндеттері қаралды. Оған департамент бастығы, полиция полковнигі А. Қабылов, департамент аппаратының қызмет бастықтары мен аумақтық бөліністердің басшылары қатысты.
Кеңесті ашқан Аманжол Қабылов департаменттің қызмет көрсету учаскелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жағдайына баса назар аударды. Ол жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың берген тапсырмаларын орындау бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Еліміздің бас көлік полицейі бүгінде маңызды міндет әуе және темір жол көлігі объектілеріндегі қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу және жедел-іздестіру іс-шараларын жандандыру, жедел жағдайдың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру екенін нықтап айтты.
«Ағымдағы кезеңде көлік полицейлері тіркеген құқық бұзушылықтардың, соның ішінде қылмыстардың жалпы саны 12,3%-ға, қылмыстық теріс қылықтардың саны 12,6%-ға төмендеді», – деп атап өтті департамент штабының бастығы Салтанат Жалғасбаева.
Осы жылдың 6 айында 29 378 құқық бұзушы, сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 295 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен 138 шетел азаматы елден шығарылды.
Бұдан соң кадрлық саясат пен қызметтік-жауынгерлік даярлық деңгейін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, жеке құрам қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауларына баса назар аударылды.
Кеңесті қорытындылай келе А. Қабылов департамент аппараты қызметі мен желілік бөліністердің басшыларына Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларынан бастау алатын, яғни республиканың көлік кешені объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тың міндеттерді атап көрсетті.
Жиын соңында ЖПБ бастықтары мен олардың орынбасарлары заңнаманы білуден тестілеуден өтіп, атыс және дене дайындығы бойынша сынақтар тапсырды.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*