«Қару» қорытындыланды

Атыс қаруын пайдаланып жасалатын қылмыстардың жолын кесу мақсатында Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тургумбаевтың тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлері қарудың, оқ-дәрілердің елге түсу арнасының жолын кесу және оларды заңсыз айналымнан алу бойынша «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Аталған акцияның кейбір өңірлерде қалай жүзеге асқанын төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Көліктегі ПД
10-14 шілде аралығында Көліктегі Полиция департаментінің және оның желілік бөліністерінің қызмет көрсету аумағында республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Шара барысында атыс қаруын, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу мақсатында темір жол вокзалдарында, перрондарда, жолаушылар пойыздарында, көлік кәсіпорындарында жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ, азаматтар арасында қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Нәтижесінде көлік полициясы қызметкерлері заңсыз айналымнан 6 дана заңсыз сақталған қаруды тәркіледі.
Мәселен, Көкшетау стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол вокзалының тексеру-бақылауынан өту кезінде спорттық сөмкесінен 3 атыс патроны табылып, тәркіленген Солтүстік Қазақстан облысының 31 жастағы тұрғынын ұстады.
Сол күні Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны да қолға түсіп, оның шалбарының қалтасынан газды тапаншасы табылды.

Ақмола облысының ПД
Ақмола облысының полиция қызметкерлері «Қару» ЖАІШ барысында 1000-нан астам азаматтық қару иесін тексерді.
Жедел жағдайды жақсарту, ату қаруын қолданып жасалатын қылмыстарды ашу және ескерту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында полицейлер қаруды сақтау жағдайларының ережелерін, қаруды тіркеу (қайта тіркеу) мерзімінің тәртібін тексерді.
«Қару» ЖАІШ барысында полицейлер тұрғылықты жері бойынша 1134 азаматтық қару иесін тексерді, олардың 26-сы ӘҚБтК 484-бабы бойынша сақтау ережелерін бұзғандары үшін және 16 қару иесі ҚРӘҚБтК 486-бабы бойынша тіркеу (қайта тіркеу) ережелерін бұзғандары үшін жауапкершілікке тартылды», – деді Ақмола облысының ПД ӘПБ бастығы, полиция полковнигі Аслан Қызбикенов.
Бекітілген сақтау және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін полицейлер 51 тегіс ұңғылы қаруды тәркіленді. Сонымен қатар, заңсыз айналымнан 6 атыс қаруы, оның ішінде 4 тегіс ұңғылы және 2 газды қару тәркіленді.
«Жедел шараны өткізу барысында тұрғындар арасында заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарғыш заттарды өз еркімен тапсыру жөнінде түсіндіру жұмысына ерекше назар аударылады», – деп сөзін толықтырды полиция полковнигі.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД
Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 43 қару тәркіледі.
Облыс аумағында өткен республикалық «Қару» жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – азаматтық және қызметтік қарудың айналымы саласында заңдылықты сақтау.
Полиция қызметкерлері қару иелерін тексерді. Рұқсат қағаздары, қару мен оқ-дәрілерді сақтау жағдайлары назарға алынды. Полиция бөліністерінің 290 қызметкері 88 бірлескен топ құрамына тартылып, 3 күн ішінде 2 мыңнан астам қару иесін тексерді.
«Операция тұрақты түрде жүргізіледі, әрбір мекенжай жылына кемінде бір рет тексеріледі. Дей тұрғанымен, осындай тексерістен бірнеше рет өткен қару иелерінде де бұзушылықтар анықталып жатады. Көбінесе қаруды бес жылдан кейін қайта тіркемеу, көшкен кезде қаруды міндетті есепке қоймау секілді бұзушылықтар кездеседі. Қару иесі бір елді мекеннің аумағында орын ауыстырса да, қаруды қайта есепке қоюы тиіс. Полицейлер тексеріп қана қоймай, қару иелерімен түсіндіру жұмыстарын да жүргізді», – деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 30 жастағы М. Жұмабаев ауданы тұрғынының гаражынан тегіс ұңғылы 16 калибрлі «ИЖ-ЗК» маркалы тіркелмеген мылтық табылды. Қару тәркіленіп, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 482-бабы («Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы») бойынша материал жиналды.
Акция барысында 57 адам жауапқа тартылды. Өрескел бұзушылықтар (сейфтің болмауы немесе талаптарға сай болмауы, жұмыс істемейтін сигнализация және т.б.) үшін 43 қару алынды.

Павлодар облысының ПД
Павлодар облысы аумағында заңсыз айналымнан қаруды және оқ-дәрілерді алуға, сондай-ақ, қару иелерінің қаруды сақтауларын тексеруге бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері 10 тіркелмеген атыс қаруын, сондай-ақ, оқ-дәрілерді тәркіледі, соның ішінде 4 тегіс ұнғылы, 1 ойық ұнғылы, 1 газды және 4 электрлік қару бар.
Рейдтік іс-шаралар барысында тұрғылықты жері бойынша төрт мыңға жуық азаматтық қару иесі тексерілді. Жүзден астам қару-жарақты сақтау ережелерін бұзушылық анықталып, ӘҚБК 484, 486-баптары бойынша 123 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Екібастұздық тәртіп сақшылары Шідерті кентінің 60 жастағы тұрғынынан 5,6 калибрлі 51 дана патрон тауып, тәркіледі. Маманның қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған патрондар жаттығу, спорттық атыстарға және кәсіпшілік аң аулауға арналған, өзінің мақсатты ойық атыс қаруына арналған оқ-дәрілер болып табылады.
Аталған факт бойынша ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*