Президент тапсырмалары – басты бағдар

ІІМ-де кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда ішкі істер органдарының осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы және алдағы уақытқа арналған басым міндеттер қаралды.
Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, тергеу және анықтау, қылмыстық атқару жүйесі, халықты азаматтық қорғау бөліністерінің жұмысы, сондай-ақ, ішкі істер органдарында тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
«Ел басшылығы ішкі істер органдарының қызметіне ерекше көңіл бөледі. Алдағы перспективаларға арналған маңызды міндеттер белгіленді. Сондықтан бүгін біз Президенттің әрбір тапсырмасына нақты тоқталып, қойылған міндеттерді іске асыруда проблемалар бар өңірлердің басшыларын тыңдаймыз», – деді Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тургумбаев.
Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудағы негізгі міндеттерді атап өтті. Оның ішінде құқық бұзушылықтардың, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, ұрлыққа, есірткі қылмысына, оның ішінде интернеттегі синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты апатты зілзалалардан қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Ерлан Тургумбаев халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматтарының, қоғаммен өзара іс-қимылды жақсартудың, полиция қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етудің, сондай-ақ, сервистік үлгіге көшудің маңыздылығына назар аударды.
Полицияның фронт-кеңселерінің қызметі қаралып, олардың жұмысына департамент басшыларының тікелей қатысуын, сондай-ақ, «Жолдағы қабылдау» акциясының пункттерін қоғамның өзін-өзі жұмыспен қамтыған бөлігі кеңінен қамтылатын орындарға орналастыруды тапсырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің әдеп нормаларын сақтауына баса назар аударылды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша министрліктің орталық аппараты қызметтері және өңірлік департаменттер басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*